Мектеп ережесі 2024-2025 жыл
Қостанай ауданы білім бөлімінің «Жданов жалпы білім беретін мектебі» КММ
Бекітілді: № 1 пед. кеңес 29.08.2024ж
Мектеп директоры: А.А. Садыкова
2024 – 2025 оқу жылына арналған мектептің ішкі жұмыс ережесі
Мектептің ішкі еңбек тәртіп ережесі
- Жалпы ереже
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағының 24-7 тармақшасына сәйкес әзірлеген мектептің ішкі тәртібінің ережелері. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 227 бұйрығы.
Мектепішілік тәртіп ережелері құжаттамасында Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы ережесі және мектеп Жарғысы басшылыққа алынды. Мектепішілік тәртіп ережелері құжаттамасындағы барлық сұрақтар мектеп әкімшілігімен, кәсіподақ комитетінің келісімімен, мектеп қызметкерлерінің әлеуметтік — еңбек қарым қатынасын реттеу туралы комиссиясының шешімімен реттелді.
Осы Ереже оқушыларға арналған оқу үдерісінің тәртібін, мектеп формасының бірыңғай талаптары мен оқушылардың тәртібін, оқушылардың және олардың заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін, ғимаратта, мектеп алаңдарында, сондай-ақ мектептен тыс іс-шараларда оқушылардың мінез-құлық тәртібін анықтайды.
3. Осы Ереженің мақсаты мектеп қоғамдастығының барлық мүшелері — әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар, олардың заңды өкілдері арасында өзара сыйластық негізінде оқушылардың табысты академиялық және әлеуметтік өсуіне жағдай жасайтын қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады. 4. Осы Ереже мектеп қауымдастығының барлық мүшелері үшін — әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар, олардың заңды өкілдері және мектептің басқа қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
5. Осы Ережелер мектептің веб-сайтында жарияланады.
6. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қауымдастықтың бекітілген нормативтік актілеріне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.
2.Қостанай ауданы білім бөлімінің «Жданов жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің жұмыс тәртібі және оқу үдерісінің тәртібі
8. «Жданов жалпы білім беретін мектебі» КММ жұмысының тәртібі директордың рұқсатымен бекітілген Еңбек Ережелерімен анықталады. Жұмыс аптасының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
9. Егер бұл білім беру/ тәрбие процесіне қатысты болмаса, оқу аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері мектепте оқуға жол берілмейді.
10.Оқыту мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі және барлық оқу жылында директордың орынбасарлары оқу жұмысын, тәрбие жұмысын реттейді. Мектепте сабақтың академиялық сағат ұзақтығы 45 минут. Сабақ арасындағы үзілістердің ұзақтығы 5- 15 минуттан кем емес.
11.Оқу үдерісінің жалпы ұзақтығы, оның ішінде оқу жүктемесінің нормасы, мектеп күнінің тәртібі Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен білім беру қызметі ережесімен реттеледі. Оқу жүктемесі және мектептегі күн тәртібі «Балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу объектілеріне арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерімен белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
12.Белгілі бір оқу жылына арналған апталар мен демалыс күндерінің нақты шарттары Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен жылдық оқу жылының басталуымен белгіленеді.
- Қызметшіні жұмысқа қабылдау, бос лауазымдық орынға жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару
2.1 жұмысқа қабылдау кезінде (еңбек шартына отыру) келесі құжаттар қажет:
— Жеке куәлігінің көшірмесі
— Дипломның көшірмесі
— Психоневрологиялық диспансерінен анықтама
— Наркодиспансерден анықтама
— Қылмыстық құқық бұзушылығы болмағандығы жөнінде анықтама
— Еңбек кітапшасы
— Жеке медициналық кітапшасы
— Біліктілік санаты жайлы куәлік
— ПББ сертификаты
— Өтініш
— Жетістіктері мен соңғы біліктілік арттыру курсы сертификаты
2.2 Мектепке атқарушы (совместитель) ретінде қабылданған қызметкер негізгі жұмыс орнынан анықтама және жоғарыда аталған құжаттар көшірмесі ғана әкелінеді.
2.3 Жұмысқа қабылданған кезде қызметші мен мектеп директоры арасында 2 (екі) үлгіде келісім шарт жасалып, екі жақты қол қойылып, бір үлгісі мектепте, екінші үлгісі қызметкердің қолына беріледі. Еңбек келісім шарттары еңбек заңнамаларына сәйкес жасалады.
2.4 Келісім шартқа қол қойылғаннан кейін мектеп әкімшілігі бұйрық шығарады. Мектеп әкімшілігі жұмысқа қабылданған қызметкерге жаңа жұмысы жайлы, еңбек жағдайы және еңбек ақысы туралы таныстырады, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
2.5 5(бес) күннен артық жұмыс істегеннен кейін еңбек кітапшасы белгіленген тәртіпке сай толтырылады.
2.6 Әрбір қызметкерге жеке іс қағаздары жасалады, құжаттар тізімінің көшірмелері (жеке куәлік, диплом, кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы, автобиография, психоневрологиялық диспансерінен анықтама, наркодиспансерден анықтама, сотталмағандығы жөнінде анықтама, еңбек кітапшасы, жеке медициналық кітапшасы, біліктілік санаты жайлы куәлік көшірмелері, ПББ сертификаты) мектепте сақталады.
2.7 Жұмыстан шығар алдында қызметкер шығу парағын толтырып, талапқа сай толтырылған еңбек кітапшасын қайтарып алады.
3. Мектеп қызметкерлерінің негізгі міндеттері:
1.Мектеп Жарлығында жазылған міндеттерді лауазымдық нұсқауларды қатаң сақтау.
2. Әкімшілік бұйрығын уақытында орындау, берілген жұмыс уақытын сақтау, еңбек тәртібін сақтап, жұмысқа уақытында келу.
3.Міндетті түрде іскер киім түрін сақтау, классикалық киім түрлері –шалбар, пиджак, кеудеше, юбка.
4.Еңбектің жоғары нәтижесіне жету үшін жұмыс сапасын жоғарлатуға талпыну, орындау тәртібін сақтау, үнемі шығармашылық талапта болу.
5. Әртүрлі іс –шараларды өткізуде немесе дайындауға өте ұқыпты болу, өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігінің нұсқауларын қатал сақтау.
6. Өзінде және оқушыда жарақат алған жағдайда, оның ауыртпашылығына қарамай мектеп әкімшілігіне хабарлап, алғашқы көмек көрсету, қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақыру.
7. Жұмыс орнын таза ұстау, құнды заттар мен құжаттарды бекітілген тәртіп бойынша сақтау;
8. Заттар, жылу мен тоқ көзін үнемді жұмсау. Оқушыларды мектеп мүліктеріне, заттарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
9. Медициналық байқау тәртібі бойынша белгіленген мерзімде медициналық байқаудан өту, қажет болса егілу;
10. Пән мұғалімдері сабақ және үзіліс кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты. Жарақат болған жағдайда шұғыл түрде мектеп әкімшілігіне хабарлау;
11. Мұғалім оқушы сабаққа кешігіп келсе, сабаққа кіргізбеуге құқысы жоқ, оған тек мектеп әкімшілігінің ғана құқысы бар. Егер оқушы кітап немесе оқу құралдарын үйде ұмытқан жағдайда мұғалім баланы үйге жіберуге, тәртіп бұзғаны үшін сыныптан шығарып жіберуге құқысы жоқ. Сондай-ақ, тәртібі үшін мұғалім журналға төмен балл қоюға, «жоқ» деп жазуға құқысы жоқ.
12. Сабақ біткен соң мұғалім оқушыларды төмендегі жағдайларда ғана ұстауға құқылы:
-сынып сағаттары мен жиналыстарда;
-сыныптан тыс және мектеп бойынша мерекелерде;
-сынақтар, қосымша сабақтар кезінде.
-басқа жағдайлар тек мектеп әкімшілігінің келісімімен;
Мектепішілік кезекшілік кезекші әкімшілікпен (кесте бойынша), кезекші мұғалімдер мен кезекші сыныптар, қабат бойынша кезекші мұғалімдермен (кесте бойынша) атқарылады. Кезекші әкімшілік және кезекші мұғалім сабақ басталғанға дейін 30 минут бұрын мектепте болуы керек.
14. Өрт және басқа да апаттың кезінде мұғалімдер бекітілген эвакуацияның жоспарымен жұмыс істейді.
15. Сынып жетекшісі сынып оқушыларының асханада тамақтануын және асханадағы тәртіпті сақтауын қадағалау.
16. Мектепішілік тәртіп бірыңғай болып табылады және педагогикалық қызметкерлер бұл тәртіпті орындауға міндетті.
Кезекші мұғалім жауапты:
-сыныптың мектеп бойынша кезекшілігіне;
-қоңыраудың уақытылы соғылуына;
-мектеп ішіндегі тәртіптің орындалуына;
-қабаттардағы кезекшіліктерге.
4. Педагогтар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оның қолданылуы.
1. Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді. 1 ауысым – 8.00 – ден 13.30- ға дейін 2 ауысым – 13.30- дан 19.00 – ге дейін жұмыс жасайды. Мұғалімдер мектепке сабақтың басталуына 15 минут қалғанда келу керек. Бұл уақыт кабинетті санитарлық — гигиеналық нормаға сәйкес дайындауға арналған.
Мұғалімнің жұмыс уақытының ұзаруы келесі жағдайларда болады:
- педкеңестерді өткізу
- директордың қатысуымен өтетін жиналыс, әдістемелік бірлестіктің отырысы, әдістемелік кеңес болған уақытта.
- мұғалімдер сабаққа қоңырау соғылысымен кіріседі, сонымен бірге қоңырау соғылғаннан кейін сабақты кешігіп бастауға рұқсат етілмейді, бұл мұғалімнің жұмыс орнында жоқтығын білдіреді.
- каникул уақыты жұмыс уақыты болып саналады. Каникул уақытында мұғалімнің жұмысы оқу жүктемесіне байланысты іске асады. Каникул уақытында себепсіз жұмысқа келмей қалу жұмыстан кетумен бірдей.
- қызметкерлердің ауырып қалу себебін, еңбекке жарамсыздық парағының ашылуы туралы күні бұрын мектепке хабарлауы керек. Жұмысқа шығуы туралы мәліметті алдын – ала хабарлау керек. Жұмысқа шыққан алғашқы күні-ақ еңбекке жарамсыздық парағы мектеп директорына берілуі керек.
Кезекші әкімшілік қызметкері өз уақытында мұғалімдер мен оқушыларға сабақтың ауысуы туралы мәлімет беру керек. - ауырып қалған мұғалімнің орнына сабақ өткізгенде, жұмысқа әртүрлі себептермен келмей қалған мұғалімдерді ауыстырғанда;
- сабақтан тыс жұмыстарды атқарғанда (қоғамдық іс-шаралар)
- Мұғалімдердің кезекшілігі кәсіподақ комитетінің отырысында бекітіліп орындалуы және кезекші мұғалімнің сырт келбеті талапқа сай болуы әкімшілік тарапынан бақыланады.
- І- ауысым кезекшісі мектепке сағат 8.00 — те келіп оқушыларды қабылдап алады, сағат 14.00-ге дейін оқушыларды шығарып салады.
- ІІ ауысым кезекшісі кезекшілікті сағат 13.15 те қабылдап алып, 2-ауысым оқушыларын мектепке кіруін қадағалайды және сағат 19.00-ге дейін кезекшілік атқарады. Кезекші әкімшілік, кезекші мұғалім, кезекші оқушылар және сынып жетекшілер дәліздерді, қабаттарды, әжетханалардағы тәртіпті, залдағы балалардың қауіпсіздігін қадағалайды.
- Педагогтар- балалардың денсаулығы мен өміріне сабақ үстінде және үзілісте жауап береді, қандайда бір жағдайда әкімшілікке хабарлайды. Сабаққа кешігіп келген оқушыны орнына отырғызып, кезекші мұғалімге және әкімшілікке хабарлайды.
- Оқушыларды қандай жағдай болса да өздерін жеке, қараусыз қалдыруға болмайды.
- Бірінші ауысым мұғалімі, екінші ауысым мұғаліміне кабинетті өткізеді. Екінші ауысым мұғалімдері кабинетті кезекші әкімшілікке тапсырады.
Мұғалімдер міндетті:
- жұмысқа кешікпеуге өзіне тиісті жұмысты және әкімшілік тарапынан берілген тапсырмаларды толық орындауға;
- қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтарда жазылған талаптарды орындауға (санитарлық, гигиеналық т.б);
- жұмыс орнын, кабинеттерді таза сақтауға;
- мектеп мүліктеріне жауапкершілікпен қарауға;
- дәрігерлік тексерістен уақытында өтуге;
- мұғалімдер бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге;
- салауатты өмір салтын ұстануға және оны оқушылар арасында арасында насихаттауға;
- педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға;
- білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттілігін, өз бетінше жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
- білім алушыларды адамгершілікке, ата-аналарын құрметтеуге, этномәдени құндылықтарын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
- ғылыми – зерттеу, тәжірибелік –эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық тәжірибеге жаңа әдістеме мен технологияны енгізуге;
- мекеменің ұжымдық басқару органдарының жұмысына қатысуға.
- сабақ кезінде кабинеттердің есіктері ашық тұрып, үзіліс кезінде есік жабылып, терезе ашу арқылы кабинеттің ауасын тазарту керек.
5. Педагог қызметкерлерге және мектептің қосымша қызметкерлеріне тыйым салынады:
• Сабақ кестесін өзгертуге;
• Сабақтың өту уақытын қысқартуға, өзгертуге;
• Оқушыларды мұғалімсіз кабинетте жалғыз қалдыруға;
• Сабақтан оқушыларды себепсіз шығаруға;
• Әріптестерін функционалдық міндеттерінен алаңдатуға;
• Оқушыларға педагогикалық шараларға қарсы ықпал қолдануға;
• Ұялы телефондарды ретсіз қолдануға, сабақ үстінде тыйым салынады;
• Ата-аналар және оқушылардан ақшалай қаржы жинауға тыйым салынады.
6. Мектепішілік тәртіпті бұзғаны үшін мектеп әкімшілігі қызметкерлерге төмендегі жаза түрлерін қолданады:
• ескерту айтады;
• сөгіс жариялайды;
• қатаң сөгіс жариялайды;
• жұмыстан босатады.
7. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындағандары, шығармашылығы және талаптарға сай еңбегі үшін қызметкер марапатталады.
1. Ішкі еңбек тәртібінің Ережелерінің орындалуын бақылау мектеп әкімішілігі және кәсіподақ ұйымына жүктелген.
8. Мектеп ұжымының жұмыс уақыты және оны пайдалануы
Мектепте апталық жұмыс уақыты 40 сағат. Жүктемені мектеп директоры кәсіподақ комитетінің келісімімен бөледі. Ескеретін жағдайлар:
мұғалімнің жүктемесі оқу жылының аяғына дейін тұрақты болады.
Қызмет көрсететін қызметкерлер белгіленген кесте бойынша жұмыс істейді.
Кесте әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің келісімімен бекітіледі.
Хатшы мен лаборанттардың, әлеуметтік педагог, тәлімгер, психологтардың жұмыс уақыты 9:00-18.30-ға дейін. Мектеп директорлары орынбасарларының жұмыс уақыты 2 аусымның соңғы сабақтары аяқталған уақытқа дейін. Кітапхананың жұмыс уақыт кестесі ілінеді.
- Мұғалім жұмысқа 20 минут ерте келеді, жұмыс аяқталғаннан кейін 20 минут кеш кетеді; аталған уақыттар мұғалімнің сабаққа дайындығы мен кабинетін келесі ауысым мұғаліміне өткізуіне беріледі. Екінші ауысымның мұғалімі кезекші әкімшілікке өткізеді.
- Бастауыш сынып мұғалімдері асханадағы тәртіпті кезекшілікті өзара ұйымдастырып, бақылайды: оқушылардың асханадағы тәртібі, барлық оқушылардың дұрыс тамақтануы, астың сапасының жағдайын сынып жетекшілері кезекші әкімшілікке ескертеді.
Демалыс кезіндегі жұмыс апталық жүктеменің уақытымен толық есептелінеді, жұмыс жоспарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен кәсіподақ комитеті жасайды. Демалыс кезінде себепсіз жұмысқа келмей қалуға болмайды.
9. Мектеп ұжымы бекітілген ережеге бағынады:
- сабақ қоңыраумен басталып, қоңыраумен аяқталады;
- сабақтың әр минуты оқушыға жан-жақты білім беруге негізделеді;
- сабақтағы тәрбие жұмысы мұғалімнің тұлғасынан басталады да, оның ұйымдастыру әдіс-тәсілі арқылы жүзеге асырылады;
- ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексереді;
- мұғалім оқушыларға дауыс көтермейді, сабырлық танытып, сыпайы түрінде талап етеді;
- сынып жетекшілер психологпен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді;
- сынып жетекшілері оқушыларынан пән мұғалімдеріне деген құрметті талап етеді, ұлдардың ер мұғалімдермен қол беріп амандасуына мектеп ішінде тыйым салынады;
- мектеп әкімшілігі жоспарға сай барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізеді.
- Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспарына сай жұмыс жүргізіледі.
10. Сапалы білім беруде мұғалімнің бойындағы қасиеттер:
- Жоғары кәсіптік білім деңгейі, мәдениеттілігі.
- Әр сабағында мұғалім жаңа технологиялармен жұмыс жасап, заманға сай көрнекілік құралдарды пайдалануы, шығармашылық жұмыспен айналысуы қажет.
- Сынып жетекшілер оқушыларын асханаға бекітілген уақыт кестесі бойынша апарады.
- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ауырып қалған мұғалімнің орнына сабақ беретін мұғалімдерге сабақ кестесін беріп, оқушыларға ескертеді.
- Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін 20 мамырға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады.
- 2024-2025 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 30 минутты құрайды.
Мектеп құқылы:
- ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес (63-бап, 3-тармақ) мектептер ақылы қызмет көрсете алады.
Бұл қызметтерге:
- қосымша білім беру бағдарламалары (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктері мен қызығушылықтарын дамыту);
- оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар мен сабақтар циклдері) бойынша қосымша сабақтар;
- пәндердің (сабақтар мен сабақтар циклдері) ғылыми негіздерін тереңдетіп оқыту;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер және тағы басқалар арасында: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар т.б. іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
- музыка аспаптарын пайдалануға беру және интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
- жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету кіреді.
- ақылы қызмет көрсету үшін мектептер өздері келісімшарт жасайды.
- ақылы қызмет көрсету есебінен алынған табыс мектептің өз бетінше басқаруына түседі.
11. Сынып жетекшінің міндеті:
- Оқушыларды қабылдау тәртібі, оқушыларды қарсы алу және сабақ аяқталған соң шығарып салу.
- «Жданов жалпы білім беретін» КММ жарғысын, педагогикалық кеңестердің шешімін, ішкі тәртіп ережесі мен еңбек қауіпсіздігі нұсқауларын орындауға;
- Әр ауысым сынып жетекшілері оқушыларының сабаққа келуін және сабақтан кетуін қадағалауға міндетті.
- Өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға және білуге (ата-ана, қонақтардың мектеп айналасында, мектеп ішінде темекі шегуге тыйым салынады т.б);
- Сынып оқушылары сабақты себепсіз босатқан жағдайда оқушының дәрігерлік анықтамасын немесе әке-шешесінен сабақты босатудың себебі туралы түсініктемесін талап етуге;
- Қоғамдық пайдалы еңбекте және өз-өзіне жағдай жасауда, сенбіліктерге қатысуға, мектеп бойынша кезекшілік атқаруға оқушыны тек өз еркімен ғана қатынастыруға, қауіпсіздік ережесін сақтау;
- Мектеп әкімшілігі бекіткен іскерлік классикалық үлгідегі мектеп формасын ( қыздар: ақ кофта (блузка), тізе тұсында қара және қара көк түсті юбка(белдемше) немесе сарафан (ұзындығы тізеден 5 см және аяқ киім тақасының өлшемі 3-5 см) аспауы тиіс, ұлдар: ақ көйлек, қою көк немесе қара түсті шалбар, қою көк, қара түсті жилет, қою көк, қара ала түсті галстук) сақтау талап ету;
- Мектеп мүліктерін сақтауға және өз мүлкіндей жинақы пайдалануды сұрау.
- Сынып жетекшілердің оқушыларды қабылдап алу тәртібі:
Оқушылар:
- Мектепке ұқыпты таранып, таза үтіктелген классикалық үлгідегі мектеп формасымен келеді. Өзімен бірге екінші аяқ киімін алып келуге міндетті.
- Бірінші сабаққа 20 минут қалғанда келуі керек.
- Мектепке кірерде екінші аяқ киімін киеді.
- Мектептегі барлық кабинет, кіретін, шығатын есіктер маңайын оқушылар мен педагогтар сақтық ретінде қауіпсіздікті сақтау қажет.
- Үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болады. Оқушылар мұғалімдерге, үлкендерге, жоғарғы сынып оқушылары кішілерге, ұлдар қыздарға жол береді.
- Сынып сағатында, мерекелік іс-шараларда, сабақ уақытында ұялы телефондарын өшіріп қояды.
12. Сабақ үстінде оқушылар жағдайы:
- бірінші қоңыраудан соң оқушы сабақ кестесі бойынша белгіленген сыныбына кіріп сабаққа дайындалады;
- сабаққа қажеттілерді дайындау (кітап, дәптер, басқа да оқу құралдарын.);
- жеке телефондарын сумкадан шығармау және дауысын басып өшіріп қою;
- мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орнынан тұруы амандасу белгісі болып табылады, мұғалім амандыққа жауап бергеннен соң оқушылар отырады. Сабақ уақытында сыныпқа кірген үлкендердің барлығымен амандасады;
- сабақ уақытын тек оқуға арнау керек. Мұғалімнің түсіндіруін және жолдастарының жауабын мұқият тыңдайды;
- мұғалімге сұрақ қоюда немесе жауап берерде қолын көтереді. Мұғалімнің рұқсатынан соң тұрып жауап береді немесе сұрақ қояды;
- оқушы сыныптан шығуы қажет болса, онда ол мұғалімнен рұқсат сұрайды;
- мұғалім сабақтың аяқталуын хабарлағаннан кейін ғана оқушылар сыныптан шығады;
- өз бетімен оқу дағдыны меңгеру, сапалы оқу.
13. Үзіліс кезіндегі оқушылардың іс-әрекеті:
- Әр оқушы үзіліс уақытын толықтай пайдалуға құқылы.
- Баспалдақпен жүргенде жүгірмейді, секірмейді, баспалдақтың оң жағымен жүреді.
- Мектеп залында жүгірмейді, сыныптан жүгіріп шығу , сыныпқа жүгіріп кіруге рұқсат берілмейді.
- Сабақ аяқталғаннан кейін бастауыш сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге сапта тұрып, киінуге барады және мектептен шығады.
- Қоңырау арасында оқушылар залға шығуы керек.
14. Мектеп асханасындағы тәртіп:
- Асханаға сырт киіммен кіруге тыйым салынады.
- Асханаға тек үзіліс кезінде ғана бару керек.
- Асханада кептелісіп тұруға тыйым салынады.
- Тамақтанып болған соң, ыдысты артынан жинау керек.
- Асханаға ыстық тамақ ішуге, тек әкімшілік бекіткен кесте бойынша ғана келу керек.
15. Сыныптан тыс іс-шаралар уақытындағы тәртіп:
- Мерекелік шара өту барысында, оқушы барлық сабақта қойылатын ережені сақтауы тиіс.
- Мектепте туылған күн атап өтуге тыйым салынады.
- Сынып жетекшісіз және мектеп әкімшілігіне хабарламай мерекелік шара өткізуге тыйым салынады.
- Қоғамдық орындарда, серуендеудегі тәртіп ережесін білулері керек.
- Сынып жетекшіні (немесе топ жетекшісін) тыңдау және тәртіпке бағыну.
- Жол қауіпсіздік ережесін сақтау.
- Қоғамдық орындарда айғайлауға, маңайындағы кісілерге кедергі жасауға тыйым салынады (көлікте).
- Қоғамдық орындарда жалпыға бірдей мінез-құлық , тәртіп ережелерін сақтау қажет.
16. Оқушылардың жалпы тәртібі.
Оқушыларды мектепке қабылдау тәртібі:
1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сай жүзеге асырылады (Өзгеріс, жаңартуларымен).
2. Мектепке Жданов ауылының және жақын ауыл оқушылары оқуға қабылданады.
3. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші келетін ұйымға ұсыну үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошталық мекен-жай, электрондық пошта мекен-жайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген келу туралы есептен шығару талонын береді немесе дәлелді бас тартады.
5.Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім алушы келетін көрсетілетін қызметті беруші басқа білім беру ұйымына келу туралы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген есептен шығару талонын ұсынады.
Оқуға келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы кететін орта білім беру ұйымынан құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алу үшін ұсынылады.
Келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алуға кететін орта білім беру ұйымынаберіледі.
Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/ шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстыру жүргізеді.
2. 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
- Ата — анасының мектеп директорының атына жазылған өтініші;
- Баланың туу туралы куәліктің көшірмесі;
- 3х4 фото – 2 дана
- «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
Оқушылар міндеті:
- Қостанай облысы әкімдіг
- Білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Жданов жалпы білім беретінмектебі» КММ жарғысын, педагогикалық кеңестердің шешімін, ішкі тәртіп ережесі мен еңбек қауіпсіздігі нұсқауларын орындауға;
- өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға және білуге (мектеп айналасында,
- мектеп ішінде темекі шегуге тыйым салынады т.б) міндетті.
- мектеп жұмысшылары мен мектепке келушілермен амандасуға, оқушылар және жұмыскерлермен, сыныптастарымен сыйластық қарым-қатынаста болуға;
- мектепке белгіленген уақытқа дейін келуге және себепсіз сабақты босатпауға (сабақ босатқан жағдайда оқушының дәрігерлік анықтамасы немесе әке-шешесінің сабақтан босатудың себебі туралы түсініктемесі болуы керек);
- қоғамдық пайдалы еңбекте және өз-өзіне жағдай жасауда, сенбіліктерге қатысуға, мектеп бойынша кезекшілік атқаруға
- мектеп педагогикалық кеңесі бекіткен мектеп формасын классикалық мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
- Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
- Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
- Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
- Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
- Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
- Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.
- санитарлық — гигиеналық жағдай жас ерекшеліктеріне, мектеп ережесіне сай болуы үшін 1-11 сынып оқушыларының шаш бояуының болмауы, тырнақ өсіру, шилак жасау, шаш жаю сияқты ұлттық мектепке жат қылықтардың болмауына;
- мектеп мүліктерін сақтауға және өз мүлкіндей жинақы пайдалануға;
- шеберханалардағы, кабинеттердегі, сыныптардағы жұмыс жағдайын бұзбауға;
- ата – аналармен келісілген, міндетті барлық медициналық процедуралардан өтуде, егу кезінде мектеп медициналық қызметкерлерінің талабын орындауға, өз денсаулығын қадағалауға;
- мектеп мүліктерін құнттап сақтау және өз мүлкіндей жинақы пайдалануға (бұзылған мүлік үшін ата-аналар немесе (оны орындаушылар) материалдық жауапкершілік алады);
- сабақты тиянақты оқуға, себепсіз қалдырмауға.
Оқушыларға тыйым салынады:
- сабақ уақытында сынып жетекшісі немесе кезекші әкімшіліктің рұқсатынсыз мектептен кетуге;
- мектеп ішінде діни және басқа да сену, дін өкілін насихаттау киімдерін киуге (хиджаб, орамал, крестер, тұмар) тиым салынады;
- сабақ үстінде айғайлауға, өзін және басқаларды ойынға айналдыруға;
- айналадағыларға кедергі жасау, жүгіру, айғайлау, жеку, бірін-бірі итеру, заттарды (оқу құралдарын) бірін-біріне лақтыру, дөрекі сөйлеуге;
- мектептің ішін, айналасын ластауға, қағаз лақтыруға, қалған тамақтарды тастауға;
- мектепте сырт киіммен және бас киіммен жүруге;
- мектепке және мектеп айналасына жарылғыш заттар, қарулар, от қауіпсіздік заттарын, ішімдік суларын, есірткілерді, сондай-ақ уландыратын заттарды әкелуге.
- Мектеп ауласына велосипед, самокат, мопед т,б транспорт түрлерімен өз еркімен жүргізіп келіп, мектеп ауласына қоюға болмайды.
- Осындай шектеу қойылған транспорт түрлері жоғалған жағдайда мектеп жауапкершілік алмайды.
- Оқушы мектепке құнды , бағалы заттарды және мобильді телефонды әкеліп жоғалтқан жағдайда мектеп жауап бермейді.
18. Ата — аналар міндеті:
- Ата-ана баласының мектепке уақытында келуіне және сабақ біткен соң, мектептен қайту кезіндегі қауіпсіздігіне жауапты;
- Мектеп Жарғысын және мектептік локальдық акт талаптарын орындау;
- Балалардың дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау.
- Бала оқуы мен тәрбиесі үшін мектеппен бірлесе қызмет ету.
- Оқушыларды білім беру ұйымы ұйымдастырған , жүргізген оқыту мен тәрбиелеу процесіне қатысуды қамтамасыз ету.
- Ішкі тәртіп ережесін сақтауға, мектеп жарғысы және білім беру қызметтері туралы шартпен қарастырылған басқа талаптарды орындауға.
- Педагогикалық қызметкерлер және де басқа мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ оқу орнының ішкі тәртібін сыйлауға.
- мектеп педагогикалық кеңесі бекіткен мектеп формасын классикалық жоғарыда жазылғандай үлгіде баласын киіндіруге;
- санитарлық — гигиеналық жағдай жас ерекшеліктеріне, мектеп ережесіне сай болуы үшін 1-11 сыныпта оқитын балаларының шаш бояуының болмауы, тырнақ өсіру, шеллак жасау, шаш жаю сияқты мектепке жат қылықтардың болуына жол бермеу;
- Балалардың өмірі мен оқуына, денсаулығына қауіпсіз жағдай жасауға.
- Ата-аналар жиналысына қатысу, қажет болған жағдайда мекеме әкімшілігінің немесе педагогтардың шақыруы мен оқу-тәрбие үдерісі бойынша жеке әңгімеге қатысу және нақтылы педагогтарға көмек беруге.
- Мектептің ішіне ата- аналардың бала арбасымен, көліктермен кіруге тыйым салынады.
- Мектеп ішінде болатын жиналыстарға, атап айтқанда:
- Кабинетте өтетін ата-аналар жиналыстарына;
- Баласын мектептегі тазалықты сақтау үшін екінші аяқ киіммен қамтамасыз етуге.
- Мектептің мәжіліс залында өтетін жиналыстарға ата – анаға 2 жасқа дейінгі сәбимен келуге қатаң тыйым салынады;
- Мектеп ішінде өтетін барлық іс — шараларға сыртқы киіммен қатынасуға тиым салынады;
Қазақстан Республикасының жарнамасымен белгіленген тәртіпте баланың мекемеге келтірген материалдық шығынының орнын толтыруға міндетті.
19. Ата-аналардың кіруі және бөгде адамдардың кіру тәртібі:
- Сынып жетекшісіне хабарласып, мектепке келу уақытын алдын-ала анықтайды (сабақ уақытынан басқа уақытта немесе сабақтан кейінгі уақытта).
- Мектепке кіре берістегі вахта қызметін атқарып отырған қызметкерге жеке куәлігін көрсетіп, тіркеу журналына жазылады.
- Баласының сынып жетекшісін төменде күтеді. Оқу кабинетіне сынып жетекшісімен бірге ғана бара алады.
Мектепке іс-тәжірибеден өтуге келген студенттердің кіруі:
- Жоғары және арнаулы орта білім беру орындарынан іс-тәжірибеден өтуге келген студенттер жеке куәлігі мен жолдамасын мектепке кіре берістегі вахтерге көрсетеді.
- Вахтер келген студенттерді тіркеу кітабына жазады да 2-қабаттағы қабылдау бөлмесіне жол көрсетеді.
Мектепке жеке жұмыстарымен келген бөгде адамдардың кіруі:
- Мектеп директорына жеке жұмыстарымен келген кісілер жеке куәлігін көрсету арқылы тіркеу кітабына жазылады.
- Келу себебі жазылады.
- Пандемеялық карантин кезінде онлайн диалог жасау.
Мектепке оқыту үрдісін бақылау үшін келушілердің кіруі:
- Оқыту үрдісін бақылау үшін (аудандық білім бөлімі, өрт қызметі, сэс қызметі және т.б.) мектепке кіре берістегі тіркеу кітабына тіркеледі.
- Мектепке алдын-ала жіберілген жадынама негізінде , келу себебі жазылады (келген адам саны көрсетіледі).
- Мектеп-гимназиясында өтетін спорттық секцияларға келушілердің кіруі.
- Мектептегі спорт үйірмесіне қатысушылар мектептің кіре берісінде жаттықтырушысын күтеді.
- Мектеп ғимаратына жаттықтырушысымен бірге ғана кіре алады.
Мектепке кіре берістегі вахтердің міндеті:
- Келген бөгде адамнан жеке куәлігін сұрау.
- Мектепке келу себебін анықтау.
- Келушілерді тіркеу кітабына кірген және шыққан уақытын көрсете отырып жазу, рұқсат талонын беру.
Кәсіподақ
төрайымымен келісілді: Бағдаулет А . «29» тамыз 2024ж
Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің ««Қостанай ауданы білім бөлімінің Жданов жалпы білім беретінмектебі» КММ – нің мектепішілік еңбек ережесін тыңдаған, келіскен педагогикалық ұжым мүшелері
Мектеп басшысы: А.А Садыкова